1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
РАННЯЯ ДИАГНОСТИКА СТАНЕТ ДОСТУПНЕЕ В 2026 ГОДУ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлауынша, 2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір медициналық қызметтер МӘМС пакетінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауысады. Осылайша, олар сақтандырылмаған азаматтар үшін қолжетімді болады. Бұған дейін айтылғандай, 2025 жылғы 14 шілдедегі жаңа заңның қабылдануымен Денсаулық сақтау жүйесін сақтандыру моделіне көшіру көзделіп отыр. Осы орайда, 2026 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен (ТМККК) медициналық көмектің көлемін МӘМС жүйесіне кезең-кезеңмен интеграциялау басты бағыт саналады.

Бұдан бөлек, ауыр ауруларды уақытылы анықтау мақсатында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер де қарастырылған.

«Скринингтік зерттеулер МӘМС пакетінен ТМККК пакетіне, оның ішінде онкологиялық скринингтерге ауыстырғаны біз үшін маңызды. Бұл өзгеріс бүкіл халыққа жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, вирустық гепатит сияқты ауруларды алдын ала диагностикалау қызметтеріне қолжеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, скринингтер барысында медицина қызметкерлері алдын ала ағзадағы ауруларды анықтап, олардың одан таралуына жол бермеуі мүмкін», – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.

Сондай-ақ, ол заң шеңберінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған кезде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін пакетке ерте диагностикалауды енгізу көзделгенін атап өтті. Қазір ТМККК-да диагноз қою үшін медициналық қызметтер АИТВ және туберкулезге күдік болған жағдайда ғана жүргізіледі. Басқа жағдайларда пациенттер диагноз қою және әлеуметтік маңызды аурудың болуын растау үшін сақтандырылуы керек. Содан соң ғана пациенттер ТМККК шеңберінде ем ала алады. Осылайша, сақтандыру мәртебесіне қарамастан ерте диагностика қолжетімді болады.
03.12.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу